Қазақстан мен Люксембург аэроғарыш саласында әріптестік орнатуды жоспарлап отыр

15 Маусым 2022, 19:15
1400
Бөлісу:
Қазақстан мен Люксембург аэроғарыш саласында  әріптестік орнатуды жоспарлап отыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Люксембургтің Ресей, Беларусь және Қазақстандағы елшісі Джордж Фабермен кездесті. Кездесу барысында ғарыш және цифрландыру саласындағы екі елдің ынтымақтастық мәселесі талқыға салынды. 

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөзі  қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Меморандум ғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп әзірлеу мен іске асыруды, кадрлар даярлау мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, сондай-ақ мемлекеттердің заңнамаларын ескере отырып, деректер мен ақпарат алмасуды көздейді.

Қазақстан мен Люксембург ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу, жерді қашықтықтан зондтау, спутниктік байланыс пен навигацияны дамыту, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын пайдалану және ғарыш аппараттары мен оларға қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Люксембург аэроғарыш саласында  әріптестік орнатуды жоспарлап отыр

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қажеттілігіне байланысты O3b mPower спутниктік байланыс жүйесін қолдану мақсатында Люксембургтің SES компаниясымен ынтымақтастық мәселелері пысықталуда. ҚР аумағында O3b mPOWER жүйесін қолдану еліміздің қолданыстағы телекоммуникациялық инфрақұрылымына толықтыру ретінде, оның ішінде ҚР ауылдық елді мекендерінде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсынуды ұйымдастыру мәселесін пысықтау шеңберінде қаралады.

Фабер мырза бүгінгі таңда Люксембургте технологияларды инновациялық дамыту бағытында қазақстандық компаниялар үшін қызығушылық тудыруы  мүмкін жаңа экожүйе құрылып жатқанын хабарлады.

Кездесу соңында Бағдат Мусин Джордж Фабер мен Люксембург компанияларын осы жылдың қыркүйек айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Digital Bridge-2022» форумына қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы