Қазақстан мен Литва сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

14 Маусым 2024, 21:50
594
Бөлісу:
Қазақстан мен Литва сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Литва Сыртқы істер министрліктері арасындағы уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау және талдау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Ануарбек Ахметов, литвалық тарапты – ЛР СІМ Стратегиялық жоспарлау және анализ департаментінің директоры Марюс Януконис басқарды.

Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау мен мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің барлық спектрі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ департаменттер арасындағы тұрақты консультациялар тәжірибесін жалғастыруға келісті.

Іс-шараға қатысушылар ҚР мен ЛР арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, елдер арасындағы сындарлы және сенімді диалогты, оның ішінде ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық келісімінің рухында одан әрі тереңдетуге деген көзқарасты растады.

Өзгелердің жаңалығы