Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастық артады

14 Қараша 2024, 10:32
222
Бөлісу:
Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастық артады
Фото: Бас прокуратура

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі мемлекет Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы Келісім 2023 жылғы 12 желтоқсанда Доха қаласында жасалған.

Келісім әскери білім беру және әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға, жауынгерлік даярлыққа және өзге де салаларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған. 

Келісімнің нормалары әскери ынтымақтастық саласы мен нысандарын айқындауды, тараптардың әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін белгілеуді, әскери мүлік транзиті, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру, әуе кеңістігі мен әскери полигондарды пайдалану, тілдік даярлықты жүргізу мәселелерін реттеуді көздейді.

Осы келісім шеңберінде уәкілетті органдар тараптардың қызметін айқындауға, ұйымдастыруға және үйлестіруге уәкілетті өкілдерден тұратын бірлескен жұмыс тобын құрады.

Келісім бес жыл мерзімге жасалды және егер тараптардың ешқайсысы ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей екінші тарапты оның қолданысын ұзартпау ниеті туралы хабардар етпесе, келесі бесжылдыққа автоматты түрде ұзартылады.

Өзгелердің жаңалығы