Қазақстан мен Италияның бітімгерлері ынтымақтастықты нығайтуда

6 Желтоқсан 2023, 20:02
538
Бөлісу:
Қазақстан мен Италияның бітімгерлері ынтымақтастықты нығайтуда
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Италияның Турин қаласында БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары барысында бейбітшілікті сақтау бойынша сарапшылардың келіссөздері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері қатысты.

Тараптар қақтығыстан кейінгі операциялардың ерекшеліктерін талқылап, олардың атқаратын қызметінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін аспектілерге назар аударды.

Қазақстан мен Италияның бітімгерлері ынтымақтастықты нығайтуда

Қақтығыстардан кейінгі жағдайды шешу әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды. Оларды шешу гуманитарлық мәселелерге байланысты болмақ, оның үстіне бұның бәрі қауіпсіздік, тұрақты даму және адам құқықтарын қорғау салаларына да әсер етеді, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин. 

Қазақстан мен Италия арасында осы салада тәжірибе алмасу қақтығыстардан кейінгі жағдайда қолданатын заманауи әдістерді түсінуді және оны қолдануды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл саладағы ынтымақтастық екі елдің бітімгерлік күшінің тиімділігін арттыруға бағытталған және жаһандық қауіпсіздікке деген ортақ ұмтылысқа сай.

Өзгелердің жаңалығы