Қазақстан мен Индонезияның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

14 Маусым 2022, 07:33
1456
Бөлісу:
Қазақстан мен Индонезияның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезиялық парламентарийлер Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістерге оң баға берді. 

Бұл мәселе бойынша пікір алмасу Қазақстан Елшісі Данияр Сарекеновтің қазақстандық-индонезиялық парламентаралық достық тобының мүшелері болып табылатын индонезиялық парламентарийлермен кездесуі барысында өтті.

Индонезияның заң шығарушы органының қабырғаларында өткен кездесу екі жыл бойы мәжбүрлі виртуалды өзара іс-қимылдан кейін Қазақстанға достас елдің жоғары өкілетті органының депутаттарымен оффлайн байланыстардың қайта жанданғанын көрсетіп отыр.

Отырыстың күн тәртібіне экономикалық ынтымақтастық мәселелері де шығарылды. Екі мемлекеттің әрбіреуі өз өңірлеріндегі ірі экономикалардың бірі және өкілдік етіп отырған интеграциялық бірлестіктерінің көшбасшылары болып табылады. Қазақстан Индонезия үшін өзінің байланыстырушы және ресурстық әлеуеті себебімен маңызды болса, Қазақстан үшін Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азияның кең-байтақ өңіріндегі негізгі серіктестердің бірі болып табылады. Екі ел сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, В2В және Р2Р байланыстарын тереңдетуге, кең спектрдегі мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

Биыл Қазақстан мен Индонезияның арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 29 жылдығы атап өтілуде. Осы уақыт ішінде тараптар достық қарым-қатынас орнатып, олардың одан әрі дәйекті дамуына негіз қалады.

Өзгелердің жаңалығы