Қазақстан мен Грузия туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

21 Тамыз 2024, 19:51
474
Бөлісу:
Қазақстан мен Грузия туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николоз Лалиашвилимен кездесті. Кездесу барысында тараптар спорт және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ әрі қарай дамыту әлеуетін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ермек Маржықпаев Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Грузиядағы жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысып, грузиялық әріптестерімен белсенді ынтымақтастық жасағанын атап өтті.

Туризм саласында да туристердің барыс-келісі жақсарғаны байқалады, бұл елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.

Қазақстан мен Грузия туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

Биыл жыл басынан бері қазақстандық спортшылар Грузиядағы 10 жарысқа қатысып, 8 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Біздің спортшылар семсерлесу және дзюдо сияқты спорт түрлерінен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады, - деп атап өтті министр.

Кездесу соңында министр Грузия делегациясын 8-13 қыркүйек күндері Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды. Дүбірлі додаға Грузияның 25 спортшысы бес бағдарлама бойынша қатысады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы