Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгiн, 16:32
155
Бөлісу:
Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
PHOTO
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Грузия Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-грузин қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды. Екі елдің бизнес топтары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.

Астана мен Тбилисидің экономикалық саладағы кооперацияны кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру мақсатымен мемлекетаралық өзара іс-қимылды одан әрі ұлғайтуға деген өзара көзқарасы расталды. Осы тұрғыда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының маңызды үйлестіруші рөлі аталып өтті.

Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Тараптар көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетін бірауыздан атап өтті. Тараптардың Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберіндегі ынтымақтастықты күшейтуге өзара дайындығы білдірілді, онда жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің бірнеше есе өсуі байқалады.

Министрлер сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша "сағаттарды теңестірді".

Өзгелердің жаңалығы