Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында бірқатар мәселе талқыланады

6 Наурыз 2023, 16:56
983
Бөлісу:
Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында бірқатар мәселе талқыланады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық мәселелер талқыланады. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингінде мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

9-10 наурызда Брюссель қаласында  Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев бастаған қазақстандық делегация ҚР- Еуропалық одақ: адам құқықтары жөніндегі диалогтің 14-отырысына және сот төрелігі мен құқықтық тәртіп мәселелері  жөніндегі кіші комитеттің 20-отырысына қатысады,- деді Смадияров.

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында бірқатар мәселе талқыланады

Смадияровтың айтуынша, адам құқықтары жөніндегі диалог аясында тараптар адам құқықтарын және азаматтық қоғамды қорғаудың ұлттық институттарын дамыту бойынша пікір алмасады.

Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп мәселелер жөніндегі кіші комитеттің отырысы барысында заң үстемдігін дамыту, сот жүйесін басқару және реформалау мәселесі де қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шекараны басқару, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық мәселелер,заңсыз көші-қонға қарсы іс-шаралар талқыланады,- деді ол.

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында бірқатар мәселе талқыланады
Өзгелердің жаңалығы