Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азаматтық тәркілеуді талқылады

2 Қазан 2024, 19:02
334
Бөлісу:
Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азаматтық тәркілеуді талқылады
PHOTO
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратурада ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көмегімен «Азаматтық тәркілеу активтерді қайтарудың негізгі тетігі ретінде: қолдану перспективалары мен әлемдік тәжірибе» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы елші Фолькер Фробарт қатысушыларды қарсы алып, тақырыптың өзектілігін атап өтіп, конференция тәжірибе мен білім алмасудың маңызды алаңына айналатынына сенім білдірді.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азаматтық тәркілеуді талқылады

 Азаматтық тәркілеу құралын қолдану практикасы мен түрлі елдердің заңдарының өз ерекшеліктері бар, дегенмен олардың мақсаты бір – ол мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету, - деді Бас прокурор Берік Асылов.

Іс-шараға ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ, Халықаралық заңгерлер қауымдастығы (Ұлыбритания), Базельдің басқару институтының (Швейцария) өкілдері, Болгария, Испания және Португалиядан келген жетекші шетелдік сарапшылар, сот төрелігі, құқық қорғау және қаржы мониторингі академияларының басшылары мен ғалымдары, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Спикерлер шетелдік тәжірибесін ескере отырып, азаматтық тәркілеуді қолданудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ активтерді қайтару туралы Заңның негізгі ережелерін, оның ішінде пайда болуы түсініксіз байлық туралы талап қою тәртібін реттейтін мәселелерді сипаттады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азаматтық тәркілеуді талқылады

Халықаралық сарапшылар бүкіл әлемде қолданылатын сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған азаматтық тәркілеу рәсімінің тиімділігі жайлы ұстанымын білдірді.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысымен екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар қазіргі заманғы сын-қатерлерге, оның ішінде терроризм мен адам саудасына, кибер және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бастамаларды іске асыруда одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы