Қазақстан мен Чехия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

9 Сәуір 2022, 18:12
1656
Бөлісу:
Қазақстан мен Чехия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Марат Тәжин Чехия Парламентінің төменгі палатасының депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық және сенімді сипатын, сондай-ақ Қазақстанның екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ұмтылысын атап өтті.

М.Тәжин чех парламентарийлерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған бағытқа сәйкес елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылай отырып, Елші өзара іс-қимылды жандандыруды, атап айтқанда, екі ел парламенттерінің парламентаралық «Достық топтары» мен ынтымақтастық топтары депутаттардың өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Чех депутаттары Президенттің Жолдауына, Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты.

Өзгелердің жаңалығы