Қазақстан мен Беларусь архив саласы бойынша бірлескен жоспарға қол қойды

12 Сәуір 2024, 18:45
441
Бөлісу:
Қазақстан мен Беларусь архив саласы бойынша бірлескен жоспарға қол қойды
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық архивінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған практикалық іс жүргізу жоспарына қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, онлайн форматта ұйымдастырылған кездесуге еліміздің тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі Комитетінің төрағасы Рустам Әли, ал Беларусь мемлекеті тарапынан Әділет министрлігі Архив және іс жүргізу департаментінің директоры Олег Леонидович Воинов және республикалық архив мекемелерінің басшылары қатысты.

Қазақстан мен Беларусь архив саласы бойынша бірлескен жоспарға қол қойды

Қос тарап мәдениет пен архив саласына байланысты ортақ тұжырымдарды талқылады.

Қатысушылар тарихи деректерге қатысты вертуалды көрмелер мен сайттар, «Партизан қозғалысы» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан отандастарымыздың құжаттарын бірігіп қарастыру мәселелерін көтерді. Геральдика саласын жаңаша тұрғыда зерделеуге де ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Беларусь архив саласы бойынша бірлескен жоспарға қол қойды

Іс-шара соңында Рустам Али мен Олег Войнов ынтымақтастықты арттыруға арналған құжатқа қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы