Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы ұлғайды

16 Тамыз 2023, 10:00
1466
Бөлісу:
Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы ұлғайды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанада Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Премьер-министрі Андрей Назаров бастаған үкіметтік делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы өңіраралық тауар айналымы белгілі бір өсім көрсете отырып шамамен $382 млн құрады. Бұл ретте тауар айналымын одан әрі арттыруға және жеткізілетін тауарлар түрлерін кеңейтуге әлеует бар. 

Үкімет басшысы өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобалардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, бүгінде Қостанай облысында «Уральский пружинный завод» ЖШҚ-ның өндірісін локализациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Башкирская содовая компания» АҚ-мен жалпы сомасы шамамен $716 млн болатын екі ірі жоба бойынша ынтымақтастық орнатылуда. 

Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы ұлғайды

Қазақстан Үкіметі башқұрттық кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын, - деді Әлихан Смайылов. 

Өз тарапынан Андрей Назаров Қазақстан мен Башқұртстанның аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті. Сонымен бірге оны одан әрі кеңейтуге жеткілікті әлеует бар. 

Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы ұлғайды

Біз қазақстандық бағытта Башқұртстан үшін және жалпы еліміз үшін, Қазақстан үшін де үлкен мүмкіндіктер көріп отырмыз. Сондықтан біз қарым-қатынасымызды әрі қарай нығайтып, жаңа бағыттар мен даму нүктелерін қосқымыз келеді, - деді Андрей Назаров.

Өзгелердің жаңалығы