Қазақстан мен Австрия дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

11 Ақпан 2019, 14:23
2697
Бөлісу:
Қазақстан мен Австрия дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мен Австрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 27 жыл толды.


2018 жылдың 11 айында Аустриямен екіжақты сауданың көлемі 162,8 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 5,7 млн. АҚШ долларға, ал Аустриядан импорт 157,1 млн. АҚШ долларға жетті.

2005-2018 жылдар кезеңінде Аустриядан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 5,776 млрд. АҚШ долларын құрады.

Аустрия Қазақстандағы Еуропалық Одақ елдері арасынан үздік 10 шетелдік инвесторлардың тізіміне кіреді. Негізгі инвестициялық салалар қатарында машина жасау, химия және фармацевтикалық өндіріс.

Қазақстанда аустриялық капиталы бар 50-ге жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Kapsch, Gebrueder Weiss, Herz Armaturen, Frauscher Sensor сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.
Өзгелердің жаңалығы