Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Ауғанстан инфрақұрылымдық жобаларды жандандыруға келісті

12 Шілде 2025, 01:28
835
Бөлісу:
 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстанға жұмыс сапары барысында осы елдің Өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесті. Кездесу барысында тараптар инфрақұрылым, сауда және көлік салаларындағы бірлескен жобаларды жандандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгіме аясында теміржол көлігі, ауыл шаруашылығы, цифрлық инфрақұрылым, пайдалы қазбаларды өндіру және өзара сауданы арттыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолдары сөз болды.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері, химия өнеркәсібі, жанар-жағармай материалдары және минералдық тыңайтқыштар жеткізілімін ұлғайта алады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ел қол қойған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы аясында тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға деген ортақ ниет расталды.

Өзгелердің жаңалығы