Қазақстан мен АҚШ санкциялардың елдегі банк секторына әсерін талқылады

9 Сәуір 2022, 16:09
1524
Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ санкциялардың елдегі банк секторына әсерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СІМ және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының кәсіпкерлері мен өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстанда филиалдары бар шетелдік компанияларға санкция мәселесі жөнінде кезекті қазақстандық-америкалық онлайн-консультация ұйымдастырды.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктерге АҚШ санкцияларының күтпеген ықпалын азайту, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайту.

Америкалық дипломаттар АҚШ енгізген санкциялар, шектеулер режимі шеңберінде бизнес жүргізу және транзакциялар жасаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Тараптар қазақстандық экономикаға санкциялардың ықпалын азайту мақсатында ынтымақтсатықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы