Қазақстан мен АҚШ ғалымдары аграрлық сектор мен су ресурстарындағы мәселелерді шешеді

Бүгiн, 01:28
129
Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ ғалымдары аграрлық сектор мен су ресурстарындағы мәселелерді шешеді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің ғалымдары ирригация технологиясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда азық-түлік дақылдарын өсіру үшін пайдаланылатын суармалы судың микробиологиялық сапасын анықтауға арналған техникалық құралдар» жобасы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер АҚШ-тың гранттық жобасы аясында жүргізілуде.

Аризона университетінің вице-президенті Шейн Берджесстің Қозыбаев университетіне сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, жоғары білім беру және аграрлық ғылымды дамыту саласындағы серіктестіктің негізгі мәселелері талқыланды. Аризона университетінің ауыл шаруашылығы, биология ғылымдары және қоршаған орта колледжі тағамдық аурулардың таралу қаупін азайту мақсатында суармалы суының микробиологиялық сапасын басқару шешімдерін әзірлеу бойынша 30 жылдық зерттеу тәжірибесіне ие.

Климаттың өзгеруіне байланысты аймақтың гидрологиялық режимдеріндегі өзгерістердің күшеюі азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық туғызады. Қазақстан Республикасы – ауылшаруашылық өнімдерін негізгі өндіруші және экспорттаушы. Жақында еліміздің солтүстік бөлігіндегі орманды дала биомында егінді суару басталды.

Жобаның зерттеу тобы СҚО фермерлері пайдаланатын суармалы судың сапасын бағалайды, әрі қарай суармалы сулардағы тағамдық патогендік микроорганизмдермен байланысты тәуекелдерді бақылау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған нұсқаулық құжаттар мен цифрлық құралды әзірлейді. Бұл суару суының микробиологиялық сапасын «басқаруға» мүмкіндік береді, яғни аймақ үшін және экспортқа қауіпсіз көкөністер мен жемшөп алынады.

Аризона университеті делегациясының сапары барысында ҚР үш облысының үш ЖОО ғалымдарының консорциумын ашу туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді. Бірлескен ғылыми зерттеулер солтүстік аймақтардың су ресурстары, ирригация, азық-түлік қауіпсіздігі, жердің тозуы, ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығының сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталады. Делегация өкілдерінің айтуынша, мұның барлығы аймақтардың агроөнеркәсіп кешендерінің дамуына тың серпін береді.

Өзгелердің жаңалығы