ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы АҚШ-тың жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен алғашқы ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында тараптар ғылым, жоғары білім және инновация салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақ даму бағыттарын талқылады. Сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөздерде академиялық және ғылыми әріптестікті тереңдету, институционалдық байланыстарды нығайту және адам капиталын дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді.
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграцияны күшейтуге мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысында екі тарап та конструктивті диалогты жалғастыруға және бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін білдірді.