«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды» – Қасым-Жомарт Тоқаев

23 Наурыз 2024, 00:20
1337
Бөлісу:
«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды» – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде  ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы