Футбол: Қазақстан Литвамен кездеседі

9 Қаңтар 2020, 17:10
39398
Бөлісу:
Футбол: Қазақстан Литвамен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылдың 23-30 наурызы аралығында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Дайындық аясында Алматыда екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған. Алдымен 27 наурызда Литвамен, одан кейін 30 наурызда Армения құрамасымен ойнайды. 

Литва құрамасын 52 жастағы Вальдас Урбонас жаттықтырады. Еуропа Чемпионатының соңғы іріктеу турнирінде Литва футболшылары Украина, Португалия, Сербия және Люксембург құрамаларымен тартысқа түсті. ФИФА рейтингіндегі орны - 131.

Өзгелердің жаңалығы