Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды

Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына жаңа басшы сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жылдық қорытынды конференциясында қабылданды.

Жиында 2025 жылғы жұмыс нәтижелері, ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстардағы көрсеткіштері және 2026 жылға арналған міндеттер талқыланды. Сондай-ақ федерация президентін сайлау өтті.

Конференция қатысушыларының шешімімен федерацияның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

Отырыс барысында осы уақытқа дейін федерацияны басқарған Дәулет Болатұлының еңбегі ерекше атап өтілді. Ол өз сөзінде федерацияның алдағы жұмысына табыс тілеп, спорт қауымдастығына сенім білдірді.

Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жанға алғыс айта отырып, өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белесті бірге бағындырамыз деп сенемін! – деді Еркін Оқасов.

Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол – кәсіпкер, “ВД Строй-Инжиниринг” ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Бұған дейін Qazaq kuresi қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы