Қазақстан көлік-логистикалық мүмкіндіктерін іске қосуға дайын – Тоқаев

2 Маусым 2023, 17:01
757
Бөлісу:
Қазақстан көлік-логистикалық мүмкіндіктерін іске қосуға дайын – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын, - деді Президент.

Мемлекет басшысы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөнінде айтып өтті.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Орталық Азия «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 80 пайыздан астамы үшін өзіндік көпір саналады. Бұл ретте қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие болды. Бұл бағыт өңірлеріміз арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін едәуір арттыра алады, - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасы қаланғанын айтты.

Жуырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапарымның аясында қытайлық серіктестерімізбен бірге Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасын қаладық. Бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ.  Сондай-ақ біз Транскаспий бағытын Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыруға уағдаластық. Былтыр осы күре жол арқылы шамамен 1,7 миллион тонна жүк тасымалданғанын атап өткім келеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе көп, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы