Қазақстан Иран мәселесі бойынша келіссөз алаңын ұсынуға дайын

Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 22:18
Бүгiн 2026, 22:18
150
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сұхбат кезінде Ермек Көшербаев ирандық әріптесіне өңірдегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар ол бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген бастаманы растап, Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізу алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Тараптар сондай-ақ екіжақты қатынастар бойынша диалогты алдағы уақытта да жалғастыруға келісті.

Наверх