Қазақстан хоккейшілері жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті

24 Қаңтар 2024, 00:10
377
Бөлісу:
Қазақстан хоккейшілері жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасында 3x3 хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Топтағы шешуші матчта қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияны 22:13 есебімен жеңді.

Осылайша, өз тобында төртінші орын алған Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта біздің хоккейшілер Латвияға қарсы ойнайды. Кездесу 24 қаңтар күні таңғы 09:00 жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы