Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен ұтты

13 Қаңтар 2023, 11:41
1275
Бөлісу:
Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен ұтты
Фото: prosports.kz

2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы алғашқы ойынын кеше Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Жалпы ойын нәтижесінже қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Енді еліміздің студенттер құрамасы 13 қаңтарда Венгриямен шеберлік байқасады. Одан кейін 16 қаңтарда Ұлыбритания, 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы