Қазақстан халықаралық су-энергетика консорциумын құру идеясын алға тартып отыр

Қазақстан халықаралық су-энергетика консорциумын құру идеясын алға тартып отыр
334

Халықаралық су-энергетикалық консорциумы Орталық Азия өңірінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, қазір Қазақстан Республикасы өңірлік деңгейде халықаралық су-энергетикалық консорциум құру туралы мәселені белсенді түрде ілгерілетуде және тиісті келісімнің жобасы пысықталып жатыр. Халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру ирригация мен энергетиканың мүдделерін ескеретін Орталық Азия өңірінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді орнықты тетікті қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Халықаралық су-энергетикалық консорциумы Орталық Азиядағы су-энергетикалық алмасуға, жазда Тәжікстан мен Қырғызстан өндіретін электр энергиясын өндіруге (суаруға су жіберу), су қоймаларының ирригациялық режимдерін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте бүкіл электр энергиясын өндірушілердің мүддесі сақталуға тиіс, – деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы