Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі  қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 млн теңгеден көмек көрсетеді

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

 24 Қыркүйек 2026, 22:01
24 Қыркүйек 2026, 22:01
95

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, белгілі кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Ол Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауында болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Бұл ауыр сәтте қаза тапқандардың отбасыларының қайғысына ортақтасамын. «Integra Construction KZ» ЖШС атынан әр отбасыға 25 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі», – деді ол.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткен. Нақтыланған мәлімет бойынша, 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Наверх