«Қазақстан халқына». Ақша аударған бизнес субъектілерінің салығы азаюы мүмкін

21 Қаңтар 2022, 16:49
1760
Бөлісу:
«Қазақстан халқына». Ақша аударған бизнес субъектілерінің салығы азаюы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жаңадан құрылған «Қазақстан халқына» қорына келер болсақ.Ұлттық экономика министрлігінің алаңында бизнес субъектілерінің осы Қорға аударымдарын ынталандыру үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына аударымдар не мүлік енгізу кезінде салық міндеттемелерін азайтуға құқық беру бөлігінде салық кодексін өзгерту жөніндегі нормалар қаралады. Азайту мөлшері әлі талқылануда, - деді ол. 

Миятов атағандай, екінші бөлім-аталған қордың қаражатынан көрсетілетін көмек.

 Салық заңнамасы тұрғысынан мұндай қаражат алушының табысымен (қайтарымсыз алынған мүлік ретінде) қаралады. Осылайша, қазір Салық кодексінің мұндай ережелері салық салудан босату пайдасына қайта қаралатын болады.ТЖ-кезінде туындайтын тағы бір мәселе-зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу, бұл залалға байланысты өтелетін соманы салық салудан босату да өзекті.МКК қазір бұл мәселені Ұлттық экономика министрлігінің алаңында пысықтауда және таяудағы айда аталған министрлік зардап шеккен бизнес субъектілері мен халықты қолдау үшін Салық кодексіне бірқатар түзетулер ұсынатын болады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы