Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биылдан бастап Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша индикативтерді облыстарға жеткіздік. Ал пиязға келер болсақ, шынында да алдыңғы жылдары баға қымбаттап, соған орай шаруашылықтар онымен айналыса бастады. Қазір жалпы әлемде пияз бағасы төмендеп кетті. Экспорт та құлдырады, - деді министр.
Министр экспорт 70 мыңға тоннаға төмендегенін айтады.
Грузия мен Әзербайжанға 160 мың тонна пияз сатуымыз керек. Олармен келісімшарт бар. Қазір логистика бойынша жұмыс істеп жатырмыз, көмектесеміз, - деді Айдарбек Сапаров.