Қазақстан Германияға 6 млн тонна мұнай экспорттауы мүмкін - министр

11 Қаңтар 2023, 15:11
819
Бөлісу:
Қазақстан Германияға 6 млн тонна мұнай экспорттауы мүмкін - министр

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, еліміз Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алады. Мұнайды Германияға жеткізуге толықтай мүмкіндік бар.

Біз жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай аламыз. Дегенмен, Германияның қажеттілігі бұдан жоғары. Біз Ресей Федерациясындағы әріптестеріміздің ресми растауын күттік. Өйткені, өнім олардың шекарасы арқылы өтеді. Ауызша растау алдық. Сондықтан проблема болмауы тиіс деп ойлаймын. Құжат жүзіндегі растау әлі жоқ, - деді Ақшолақов Үкімет кулуарында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қандай реформалар жасайтынын жазған едік. 

Біздегі ең өзекті мәселенің бірі - су ресурстары. Әсіресе, қазіргі таңда климаттың өзгеруін байқап жатырмыз. Осыған байланысты су ресурстарына деген ауыртпалық көптеп түсіп жатыр. Мысалы, 2020 жылы мен Тұйықсу мұздығына көтерілдім. Өздеріңізге мәлім мұздықтар ауызсу көздерінің бірі. Осы Тұйықсу мұздығы соңғы жарты ғасырда шамамен 30 пайызға қысқарған. Әрине, бұл су ресурстарына ықпал етеді, - деді ол Үкімет отырысынан соң.

Өзгелердің жаңалығы