Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан, Германия және Қытай қорғаныс министрлері әріптестікті талқылады

16 Мамыр 2025, 21:28
594
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Берлинде өткен БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі министрлік конференциясы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың шетелдік әріптестерімен екіжақты келіссөздері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен келіссөздер барысында тараптар әскери білім беру, әскери-техникалық және бітімгерлік саласындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты талқылады. Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі итальяндық әріптесін Астанаға шақырды.

Бұдан өзге, іс-шара барысында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Германия Қорғаныс министрі Борис Писториуспен және Қытай Халық Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньмен хаттамалық кездесулері өткізіліп, онда әскери ынтымақтастықтың ағымдағы аспектілері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы