Қазақстан Еуропа Қайта құру және Даму банкі мен оның Африкадағы мүше елдерімен ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы министрі Мәди Такиев заң жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.
Мәжіліс Еуропа Қайта құру және Даму банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахараның оңтүстігіне қарай Африка елдеріне және Иракқа шектеулі және біртіндеп таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялады.
Заң жобасының мақсаты – нарыққа бағдарланған ашық экономикаға көшуге, сондай-ақ Сахараның оңтүстігіне қарай Африкадағы және Ирактағы Банкке мүше елдердің шектеулі санында жеке және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға одан әрі жәрдемдесу, - деді министр.
Оларды қабылдау Қазақстанға Еуропа Қайта құру және Даму банкімен, сондай-ақ аталған елдермен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Банк қызметінің шектеулі және біртіндеп жаңа елдерге кеңеюі оның міндеттемелері мен тұрақтылығына әсер етпейді.