Қазақстан ЕО-мен цифрландырудағы ынтымақтастықты арттырады

9 Қараша 2024, 08:10
440
Бөлісу:
Қазақстан ЕО-мен цифрландырудағы ынтымақтастықты арттырады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі бас дирекциясының Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты істері жөніндегі директоры Петерис Устубпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тараптар цифрлық трансформация және өңірлік өзара байланыс саласында іс-қимылды нығайтуға баса назар аударып, қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси байланыстардың жоғары серпінін құптап, өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.

Бұл тұрғыда Р.Василенко Орталық Азиядағы цифрлық экономиканы дамытуға, соның ішінде ауылдық аймақтарда спутниктік байланыс арқылы қауіпсіз интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған «Team Europe Initiative on Digital Connectivity» бастамасына қолдау білдірді.

Сұхбаттастар көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың маңызын атап өтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша үйлестіру платформасының белсенді жұмысын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған салалардағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Айта кетерлігі, Қазақстан мен ЕО арасында Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, ратификацияланған. Аталған құжат сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялар, мәдениет, спорт және туризм мәселелерін секілді өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы