Қазақстан ластануы бойынша әлемдік индексте 111 елдің ішінде 30-шы орында. Бұл туралы BAQ.KZ Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Рейтинг әртүрлі елдердің қалаларының жалпы ластану деңгейін: ауа мен судың ластануын, қоқыс шығару сапасы, жарық пен шудың ластануын, ластануға байланысты жасыл желек деңгейі мен өмір сүру жайлылығын бағалайды.
Қазақстанның ластану индексі – 73. Салыстыру үшін ең ластанған бес ел: Моңғолия, Мьянма, Ливан, Гана және Нигерия индекстері – 92,4 және 88,2 аралығында болды.
Ал ең таза елдер:
Финляндия (11,8);
Исландия (15,7);
Эстония (17,1).
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Әзербайжаннан (73,4) кейін ең ластанған ел. Алматы 78,5 индексімен әлемнің 251 қаласы арасында 48-орынға тұрақтады.
Бір жыл бұрын Қазақстан дәл осы 73 индексімен 35-орында болған.