Қазақстан елшісі Түркия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

27 Сәуір 2022, 13:00
1534
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Түркия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Президентік сарайда өткен салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ізгі тілектерін жеткізіп, елімізді одан әрі демократияландыруға бағытталған жаңа реформалармен, экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Қазақстан елшісі Түркия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Сонымен қатар Е. Сәпиев Түркия Президентіне АӨСШК саммитіне қатысуы үшін Мемлекет басшысы атынан ресми шақыру хатының түпнұсқасын табыстады.

Өз кезегінде, Р. Ердоған еліміздің жетістіктеріне және РҚ Президенті бастамасымен қолға алынған саяси реформаларға жоғары баға берді жәнеде инвестиция, сауда-экономикалық, энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты және көпжақты өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Түркияның Президентіне жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, бауырлас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар мүмкіндігін жұмсауға әзір екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы