Қазақстан елшісі Шри-Ланка Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2 Ақпан 2022, 17:40
1131
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Шри-Ланка Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Готабае Раджапаксаға сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсім барысында Шри-Ланка мемлекетінің басшысы Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның осы лауазымдағы одан әрі жұмысы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қатынастардың үдемелі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Пікір алмасу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы, атап айтқанда БҰҰ және АӨСШК шеңберіндегі саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандық дипломат АӨСШК трансформациялау мәселесінде Шри-Ланка тарапынан қолдау көрсетілетініне үміт білдірді және Шри-Ланка Президентін 2022 жылғы қазанда өтуі жоспарланған АӨСШК-нің саммиті туралы хабардар етті. Сондай-ақ, инвестициялық, туристік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері туралы талқыланды.

Кездесу соңында Президент Г.Раджапакса Президент Қ.Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізуді өтінді, сондай-ақ жаңадан тағайындалған Елшіге қазақстандық-ланкалық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуда табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы