Қазақстан Елшісі Қытай Төрағасына сенім грамотасын тапсырды

24 Сәуір 2023, 22:41
588
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Қытай Төрағасына сенім грамотасын тапсырды
Фото: gov.kz

Бүгін Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы BAQ.KZ ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты рәсім шеңберіндегі қысқаша әңгімелесу барысында ҚХР Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы сәлемін жеткізді. Қытай басшысы Елшіге екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мақсатындағы еңбегіне сәттілік тіледі, - делінген СІМ мәліметінде.

Өз кезегінде Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысының ізгі тілектерін жеткізе отырып, Қазақстанның Елшісі лауазымында екіжақты стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Өзгелердің жаңалығы