Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің Төрағасымен кездесті

11 Ақпан 2024, 14:05
445
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Молдова Парламентінің Төрағасымен кездесті
Фото: gov.kz

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтың Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгімелесу барысында Елші ҚР Үкіметінің құрамын жаңарту және Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті айқындаған әлеуметтік-экономикалық реформалар тұрғысында едегі ағымдағы саяси ахуал туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Парламент Төрағасы Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 3 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатының негізгі аспектілерімен танысты.

Өз кезегінде И.Гросу ҚР-да жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытып, қолдау білдірді. Ол сондай-ақ ЕО-ға кіру бойынша келіссөздер үдерісі аясында Молдова заңнамасын Еуропалық Одақтың реттеуші стандарттарымен үйлестіру бойынша жүргізіліп жатқан процестер туралы айтты.

Парламент Төрағасы Молдова тарапының Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша, атап айтқанда, парламентаралық бағыт бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделі екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы