Қазақстан елшісі Марокко Короліне сенім грамоталарын тапсырды

22 Қаңтар 2022, 14:48
1846
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Марокко Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рабат қаласындағы резиденциясымен Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі алғашқы елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Король сарайында табыс ету рәсімі барысында отандық дипломат Марокко Короліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының Мароккомен екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Мұхаммед VI Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, қазақ елін сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Марокко Королі елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Өзгелердің жаңалығы