Қазақстан Елшісі Индонезия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

9 Желтоқсан 2023, 06:42
499
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Индонезия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: gov.kz

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты шара «Istana Merdeka»  Президент сарайында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Индонезия Президентіне Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемін жеткізіп, қазақстандық-индонезиялық қатынастарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға ниетін білдірді.

Президент Джоко Видодо 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубайда өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстанның басшысымен кездесуін жылы лебізбен еске алып, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыстар тіледі.

Өзгелердің жаңалығы