Қазақстан Елшісі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті

8 Қазан 2019, 21:14
1317
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бакуде жаңадан тағайындалған Елші Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровқа сенім грамоталарының көшірмесін табыстады.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат әзербайжан тарапына оны тағайындауға келісім бергені үшін алғысын білдіріп, екі бауырлас мемлекеттер мен халықтар арасындағы екіжақты және көпжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарын одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екендігін білдірді.

Тараптар ағымдағы күн тәртібі мен алдағы маңызды іс-шараларға дайындық барысын талқылап өтті. Министр Елшіні құттықтап, алдағы жұмыста толайым табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы