Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан экономикасы 8 айда 6,5%-ға өсті

11 Қыркүйек 2025, 08:46
572
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Өсімнің негізгі факторлары – сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика.

Өнеркәсіп 7,6%-ға ұлғайды. Әсіресе өңдеу секторындағы өсім қарқыны жеделдеп, 6,5%-ға жетті. Оның негізгі драйверлері:

  • машина жасау – +15,1%
  • тамақ өндірісі – +10,1%
  • мұнай өңдеу – +7,6%
  • химия өнеркәсібі – +7,5%
  • металлургия – +1,1%
  • Сауда көлемі 8,9%-ға артты. 

Оның басым бөлігі көтерме саудаға тиесілі (66,6%).

  • Ең жоғары өсім Шымкентте (+21,3%),
  • Шығыс Қазақстанда (+5,7%),
  • Жетісу облысында (+0,6%) тіркелді.

Экономиканың басқа да секторлары тұрақты өсім көрсетіп, елдің жалпы ішкі өнімінің артуына үлес қосты.

Өзгелердің жаңалығы