Қазақстанның ЕАЭО-ның ортақ баж салығынан түсетін пайдасы неге аз? Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәселені осылай түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр түсімнің бөлінісі әдістемеге сай реттеліп отыратынын айтады.
Бұл жерде бірінші - әр елдің жалпы ішкі өнімі есепке алынса, екіншіден тауар айналымы, кеден рәсімдері есепке алынады. Еуразиялық экономикалық одақтың ерекшелігі – бүкіл шешімдер консенсуспен қабылданады. Бес мемлекеттің мақұлдауы керек. Қазір біз әдістеме жағынан бір мәселені қарап жатырмыз. Жоба бойынша біздің үлес 8,5 пайызға ұлғайту керек. Бірақ солай болады деп нақты айта алмаймын. Неге десеңіз, осы мәселе тағы да дау болады. Мәселені одан әрі талқылаймыз, – дейді Арман Шаққалиев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Премьер-министр Олжас Бектенов спорт саласана қатысты біршама мәселелерді айтты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың формасына қатысты сұраққа жауап берді. Сондай-ақ ол спортшылардың діншілдігіне қатысты сұраққа да жауап беріп, ойын ортаға салды.