Қазақстан дзюдошылары Азия кубогінде 6 алтын медаль жеңіп алды

8 Шілде 2024, 20:43
687
Бөлісу:
Қазақстан дзюдошылары Азия кубогінде 6 алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирде тоғыз команданың өкілі күш сынасты. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара  мықтыны анықтады.

Қазақстан командасы аталған турнирде 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпы есепте екінші орыннан көрінді.  

Бірінші орын Өзбекстан құрамасының еншісінде. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленген.

Үздік үштікті Моңғолия тұйықтады. 

Өзгелердің жаңалығы