Қазақстан делегациясы Харбинде АОК бас директорымен кездесті

14 Ақпан 2025, 14:03
229
Бөлісу:
Қазақстан делегациясы Харбинде АОК бас директорымен кездесті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры әрі World Aquatics басшысы Хусейн әл-Мусалламмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми іс-шара барысында Хусейн әл-Мусаллам осы жылдың қаңтар айында Астанаға жасаған сапары аясында қонақжайлылық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. 

Харбиндегі қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру деңгейін талқылай отырып Хусейн әл-Мусаллам Қазақстанда өткен 2011 жылғы қысқы Ойындарды ұйымдастыруда еліміздің оң тәжірибесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырудағы әлеуетін жоғары бағалады. 

Кездесу соңында Хусейн әл-Мусаллам Қазақстан өкілдерін биыл 11 шілде мен 13 тамыз аралығында Сингапурда өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына құрметті қонақ болуға шақырды. __

Өзгелердің жаңалығы