Қазақстан ДДСҰ-мен ынтымақтастықты нығайтады

2 Қараша 2023, 12:31
591
Бөлісу:
Қазақстан ДДСҰ-мен ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сенаттың жалпы отырысында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен аталған келісімге еліміз биыл мамыр айында Женевада қол жеткізген.

Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту.

Заңның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын Қазақстан Республикасының Астана қаласында ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау.

Нәтижесінде еліміз халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау алады, Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға сай дамытады. Сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізуге және медициналық мамандар даярлауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті сенатор Ақмарал Әлназарова.

Айта кетерлігі, еліміз 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі және Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі 53 елді қамтитын Еуропалық аймаққа кіреді.

Өзгелердің жаңалығы