Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында өткен жылды қорытындылап, жаңа жылдағы жоспарларды айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
2023 жылы 90 млн тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 6,9%-ға жоғары. 2022 жылы бұл көрсеткіш 84,2 млн тонна бллған, - деді ведомство басшысы.
Сәтқалиевтің мәліметінше, Қарашығанақта жылына 10-11 млн тонна деңгейінде өндіру сөресін қолдау жобалары шеңберінде 5-ші (құны $970 млн.) және 6-шы компрессор салу басталды (құны $734,6 млн.). Оларды 2025 және 2028 жылдарда аяқтау жоспарланып отыр.