10 шілдеде Қытайдың Цзыгун қаласында BMX-фристайлдан Азия чемпионаты басталады.
Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының атынан Дмитрий Захаров және Әлихан Можанов қатысады.
Турнир 12 шілдеде аяқталады.
Айта кетейік, бұл дисциплина Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді.