Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның ешқандай қаржылық жарна төлемей-ақ Бейбітшілік кеңесіне кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Швейцарияның Давос қаласында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған болатын.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен өзге 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Кеңес мүшелерінің мандаты үш жылға созылады.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кеңеске мүше болу үшін 1 млрд доллар көлеміндегі ерікті жарна төлеу міндетті емес. Бұл – әр қатысушының өз еркі. Егер мұндай жарна алғашқы жылы төленсе, мемлекет үш жылдық мерзімді ұзарту мүмкіндігі ұсынылады.
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарлық ережесіне сәйкес қаржылай жарнасыз кірді, – делінген хабарламада.