Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияны жеңді – шахмат олимпиадасы

7 Тамыз 2022, 22:09
1241
Бөлісу:
Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияны жеңді – шахмат олимпиадасы

Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Сөйтіп шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың тоғызыншы кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Құрама еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс. Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. 

Ал Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең есеппен аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов қарсыластарына есе жіберді. Ерлер құрамасы турнирде осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Бүгінгі матч алдында қазақстандық команда 12-орында болды.

Өзгелердің жаңалығы