Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын Бейнеу терминалы арқылы қарастыруды ұсынды

25 Сәуір 2024, 13:41
346
Бөлісу:
Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын Бейнеу терминалы арқылы қарастыруды ұсынды
PHOTO
Фото: Рrimeminister.kz

Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғариннің Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Абдул Гани Барадармен кездесуі барысында қазақстандық тарап Ауғанстанға қазақстандық астық пен ұн жеткізу көлемін арттыру үшін Бейнеу терминалының қуатын қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сіздердің елдеріңіз қазақстандық астық пен ұнды дәстүрлі түрде импорттап келеді. Қазақстан бұл тауарларды Ауған нарығына сенімді жеткізуші болды және болып қала береді, — деді Серік Жұманғарин.

Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын Бейнеу терминалы арқылы қарастыруды ұсынды

Бейнеу терминалы Маңғыстау облысының аумағында орналасқан, Қазақстан-Түрікменcтан шекарасына тікелей шыға алады. Терминалда барлық қажетті өндірістік инфрақұрылым бар. Ол өнімді экспортқа одан әрі тасымалдау үшін құрлықтағы ауыстырып тиеу терминалы-жинақтағыш міндетін орындай алады.

Терминалдың қуаттылығы айына 100 мың тоннаға дейін астық, 12 мың тонна ұн және 3 мың тоннаға дейін құрама жем жөнелтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын Бейнеу терминалы арқылы қарастыруды ұсынды

Сонымен қатар Қазақстанның Оңтүстік Азия бағыты бойынша қытай жүктерін транзиттен өткізу мүмкіндігі бар: бүгінде ол Қытайдан Қазақстан бағытында жүретін барлық контейнерлік пойыздардың 40%-ын біріктіретін Сиандағы (ҚХР) Құрғақ порт аумағындағы меншікті терминал.

Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын Бейнеу терминалы арқылы қарастыруды ұсынды

Сонымен қатар Ляньюньган портында күн сайын Қазақстан бағытында екі контейнерлік пойыз құрылатын Қазақстан-Қытай терминалы бар.

Осылайша, егер трансауган темір жолдары салынатын болса, онда жүктер Қытайдан Қазақстан арқылы тек батысқа ғана емес, Ауғанстан арқылы Пәкістан, Үндістанға өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан тарапынан Қытай–Қазақстан (Ақтауға дейін) – Түркіменстан-Ауғанстан (Тургунди/Анхой) бағыты бойынша Қытай өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстанға жеткізуді әртараптандыру туралы ұсыныс айтылды.

Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын Бейнеу терминалы арқылы қарастыруды ұсынды

Жүктерді біріктіру үшін Сиань қаласындағы (ҚХР) терминалды пайдалану ұсынылды. Қазақстандық мамандардың есептеулері бойынша Сиань/Үрімші қалаларынан Ауғанстанға (Тургунди/Анхой) ұйымдастырылған контейнерлік пойыздармен тауарлар жеткізу уақыты шамамен 10-12 күнді құрайды.

Өзгелердің жаңалығы